Прямая трансляция

Астана

Астана

26°C

Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Ясутоши Нишимураны қабылдады.

Тоқаев Жапония парламентінің өкілін "Достық" орденімен марапаттады
Ақорда

Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективасы, парламентаралық байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылды. Президент Жапония еліміздің Азиядағы негізгі әрі сенімді серіктесі екенін айтты.

"Мен былтыр Жапонияға ресми сапармен бардым. Оның қорытындысы қазақ-жапон байланыстарын жаңа деңгейге көтерді. Сапар аясында құрметті Санаэ Такаичи ханыммен екіжақты қарым-қатынастың барлық бағытын қамтитын бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Сапар кезінде сауда, ғылым және білім, цифрландыру, экология, ауыл шаруашылығы саласына қатысты 17 ведомствоаралық маңызды құжат бекітілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысы аталған саммит келесі жылы Астанада өтетінін еске салып, оған дайындық жұмыстары басталып кеткенін жеткізді.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ясутоши Нишимураны І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Сонымен қатар Президент пен Достық лигасының төрағасы мәдени-гуманитарлық байланыстарды талқылады.