Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппараты тәрізді тағы бір нысан құлады. Полиция уәкілетті органдармен бірлесіп тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.
"Ақтөбе облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылуына байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннің аумағынан тыс жерден табылды. Барлық мән-жайы анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.