Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

Мәжіліс бірнеше конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдап, оларды қарау үшін Парламент палаталарының бірлескен комиссияларының құрамын бекітті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады
Фото: parlam.kz

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасы жұмысқа қабылданды.

 Бұл жоба бойынша бірлескен комиссия құрамына Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ кірді. Сондай-ақ Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын да жұмысқа қабылдады.

 Бұл жоба бойынша комиссия құрамына Қайрат Балабиев, Ермұрат Бапи, Марат Башимов және Сергей Пономарев енгізілді. Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасы қарауға алынды.

Бұл бағытта жұмыс істейтін бірлескен комиссия құрамына Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нажметдинұлы және Нұрсұлтан Байтілесов кірді. Сонымен қатар Мәжіліс «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады.

Комиссия құрамына Мұқаш Ескендіров, Данабек Исабек, Руслан Қожасбаев және Еркебұлан Мәмбетов енді. Енді заң жобаларын қарау алдағы уақытта Парламент палаталарының бірлескен комиссиялары аясында жалғасады.