Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесі құрамынан шықты, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
Фото: kursiv

Құжатта директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім биыл 7 сәуірінде қабылданғаны айтылған.

Айта кетейік, Ерболат Досаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесіне биыл қаңтарда кірген еді.

Естеріңізге сала кетейік, наурыздың соңында Ерболат Досаев президент әкімшілігіндегі қызметінен кетті.