Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Қазақ тілін намыстанып үйрендім» - Қанат Шарлапаев

«Қазақ тілін намыстанып үйрендім» - Қанат Шарлапаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Қанат Шарлапаев «Adal ADAM» youtube арнасына берген сұхбатында қазақ тілін қалай үйренгенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Қазақ тілін намыстанып үйрендім» - Қанат Шарлапаев
Фото: parlam.kz

Журналист Дәурен Сейітжанұлы Шарлапаевтың Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып келген кезде қазақшасы "өте нашар" болғанын есіне салып, бүгінде оның қазақшасы едәуір жақсарғанын атап өтті.

Ал Шарлапаев қазақ тілінде youtube арнаға алғаш рет сұхбат беріп отырғанын айтты. 

«Менің қазақ тіліме жақсы баға бергеніңізге рақмет. Әлі де жұмыс істеу керек, жақсарту керек. Негізі біздің аудиториямыз өзгерді, қазіргі таңда кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлердің көбісі қазақша сөйлейді. Сондықтан өзіміздің ойымызды, пікірімізді жеткізу үшін әрине қазақша сөйлеуіміз керек. Басты мақсат осы. Ал қалай үйреніп алдым дегенге келсек, тіл үйрену үшін шынын айтқанда екі нәрсе керек: ұмтылу керек, содан кейін уақыт керек. Уақыт өткен соң кішкене нәтижесін көріп отырмын. Екіншіден, шынын айтқанда, журналистер мені сынның астына алды, «Қазақ тілін білмейтін адам», «қазақша сөйлемейтін адам» деп. Содан намыстанып оқыдым. Репетитор керек, уақыт керек, одан кейін қазақ тілінде сөйлеуге тырысу керек. Осындай үш нәрсе болса, тіл үйренуге мүмкіндік болады. Сосын мен тілге бейім адаммын», - деді ол. 

Айта кетейік, Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресейдің Саратов облысында туған. 2006-2022 жылдары Еуропадағы ірі «Сити» инвестициялық банкінде жұмыс істеп, вице-президент қызметіне дейін көтерілген. 2022 жылы Қазақстанға келіп, «Бәйтерек» холдингінің басшысы, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметтерін атқарды.

2026 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы болып жұмыс істеп келеді