Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қазақстанда студенттердің стипендиясын көтеру ұсынылды

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов Премьер-министр Олжас Бектеновке агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін аграрлық және ветеринарлық мамандықтарға арналған мемлекеттік гранттар мен студенттердің шәкіртақыларын арттыру қажеттігін жеткізді, деп хабарлайды paryz.kz.

Қазақстанда студенттердің стипендиясын көтеру ұсынылды
Фото: istockphoto

Депутат өз сауалында атап өткендей, соңғы 10 жылда жалпы мемлекеттік білім беру гранттары көбейгенімен, ауыл шаруашылығы және ветеринария бағыттарындағы гранттар үлесі керісінше 8,5%-дан 4,2%-ға дейін қысқарған. Мысалы, 2025 жылы өсімдік шаруашылығы бойынша гранттар саны 37%, мал шаруашылығы бойынша 23% қысқарған.

Сонымен қатар, аграрлық мамандықтағы студенттердің шәкіртақысы қазіргі таңда 52 мың теңге, бұл педагогикалық және медициналық бағыттармен салыстырғанда төмен, сондықтан ауыл жастарының осы салаға тартылуы қиынға соғып отыр, - дейді ол. 

Депутат Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің тәжірибесін мысалға келтіріп, ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықты сенімгерлік басқаруға беру арқылы көптеген индикаторларға қол жеткізілгенін атап өтті. Жанарбек Әшімжанов мына ұсыныстарды енгізуді сұрады: 

«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар» және «Ветеринария» бағыттары бойынша гранттар санын арттыру;

Студенттердің шəкіртақысын педагогикалық және медициналық бағыттармен теңестіру;

ҚазҰАЗУ-ның 2026–2030 жылдарға арналған даму бағдарламасын жедел бекіту;

Ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықты сенімгерлік басқару мерзімін 2030 жылға дейін ұзарту.

Депутаттың пікірінше, бұл қадамдар ауыл жастарын аграрлық білім алуға тартуға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді.