Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

Елорда жастары экологиялық сенбілікке белсенді қатысты

Астанада «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» экологиялық айлығы және «Таза қала» акциясы аясында Esil университетінің студенттері сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Paryz.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда жастары экологиялық сенбілікке белсенді қатысты
Фото: Астана қаласы әкімдінің баспасөз қызметі

Экологиялық бастама аясында 100-ге жуық студент Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен А.Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзар аумағына жиналып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, былтырғы жапырақтарды жинап, жаяу жүргіншілер жолы мен жасыл желектерді ретке келтірді.

_gluster_2026_4_11_fb3dc9102633ef3e671388210515b383_1280x720.jpeg

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер қаланы абаттандырумен қатар жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Байқоңыр ауданы әкімдігі бұл шаралардың бір реттік акция емес, жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Мамандардың сөзінше, «Таза Қазақстан» бастамасының негізгі мақсаты – тұрғындардың тазалыққа, қоғамдық тәртіпке және қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Осыған байланысты мамыр айының соңына дейін қала бойынша сенбіліктер мен абаттандыру жұмыстары жалғасады.

_gluster_2026_4_11_d030c67b92ebfd9a9313d3974e7112ac_1280x720.jpeg

Студенттер де мұндай бастамалардың маңызын ерекше атап өтті. Олардың пікірінше, сенбілік тек тазалық жұмысы ғана емес, ортақ іске үлес қосу, бірлік пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолы.

Нәтижесінде гүлзар аумағы толық тазартылып, қатысушылар арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен қоғамдық белсенділік құндылықтары нығая түсті.