Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Ақорданың хабарлауынша, президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Сондай-ақ экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Одан бөлек облыс жұртшылығымен кездеседі деп күтілуде.