Орал қаласындағы № 28 түзету мекемесіне есірткі және басқа тыйым салынған заттарды заңсыз тасымалдау дерегі анықталды.
БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, режимдік талаптарды қамтамасыз ету аясында жүргізілген тексеру барысында жеке кәсіпкер ұсталды.
Кәсіпкер аталған колонияға марихуана салынған 7 ZIP-пакетті, 17 ұялы телефонды, 6 USB-кабельді, 8 SIM-картаны, аудио және бейнежазба құрылғысын әдейі жасырын жолмен жеткізген.
- Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаменті облыс прокуратурасының үйлестіруімен жедел іздестіру іс-шараларын атқарды. Қазіргі кезде департамент сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.