Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Шардарада ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: даулы іс сотқа жетті

Түркістан облысының полицейлері бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген істі тергеуді аяқтады. Оңтүстікте ұлы қарт әкесін аяусыз ұрып, салдарынан ер адам көз жұмған. Оқиғаны көршілері видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды paryz.kz.

Шардарада ер адам әкесін өлгенше соққыға жыққан: даулы іс сотқа жетті
Фото: видиодан скриншот

Оқиға 2025 жылғы қыркүйекте болған және қоғамда резонанс тудырды. Іс бойынша тергеу үш айдан аса уақытқа созылып, жыл соңында аяқталды.

"22 желтоқсанда айыпталушыға қатысты іс Жетісу аудандық сотына мәні бойынша қарау үшін жолданды", – деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.