Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Астанада ҚазТАГ бас редакторы қамауға алынды

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов Астанада ұсталды, бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды paryz.kz.

Астанада ҚазТАГ бас редакторы қамауға алынды
Фото: әлеуметтік желіден

Полицияның мәліметінше редакция қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеке компания өкілінің жазбаша арызы негізінде басталған.

"Арызда көрінеу жалған ақпараттың бірнеше рет таратылып, соның салдарынан олардың іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірілгені көрсетілген", - деп жазылған хабарламада. 

Тергеу әрекеттері қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілді.

"Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеп-тексеру сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биылғы жылдың 23 желтоқсанында "ҚазТАГ" бас редакторы ұсталып, Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді полиция.

Тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.