Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазақстанның үш өңіріндегі бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы Paryz.kz «ҚазАвтоЖол» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шектеу мына республикалық автожол учаскелерінде енгізілді: Ақмола облысында: сағат 13:30-дан бастап «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығы (Жібек Жолы бақылау-өткізу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
Қарағанды облысында: сағат 13:30-дан бастап «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау бақылау-өткізу пунктіне дейін).
Аталған жол учаскелерін ашудың болжамды уақыты – 2025 жылғы 24 желтоқсан, сағат 10:00. Сондай-ақ Жетісу облысында сағат 15:00-ден бастап «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылынан Достық станциясына дейін) қозғалыс уақытша шектелді.