Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Алматыда жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі табылды

Биыл қарашада Алматыда жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда жоғалып кеткен 34 жастағы ер адам өлі табылды
Фото: әлеуметтік желіден

Бұған дейін жоғалған азаматқа қатысты бағыттаманы Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында жариялаған болатын.

1991 жылы туған Дүйсебеков Аяз Қошымбекұлы 25 қарашада жоғалып кеткен. Ол күндіз шамамен сағат 12:00-де үйінен шығып кеткен. Тұрғын үйінің мекенжайы: Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 210/7-үй.

Белгілері: бойы 165–170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, көздері қоңыр.

Киген киімі: көк түсті күртеше, көк түсті худи, сұр шалбар, қара кроссовка. Ер адамның 22 желтоқсанда өлі табылғаны хабарланды. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды.