Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Жетісу облысында әйел мысығын кір жуғыш машинада айналдырған

Жетісу облысында әйел өз мысығын кір жуғыш машинада айналдырған.

Жетісу облысында әйел мысығын кір жуғыш машинада айналдырған
Фото: sputnik.kz

Мысықтың тұрмыстық техника ішінде отырған және айналып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап, бұл әрекетке адамдар наразылық білдірді.

Полиция әйелді анықтады. Жетісулық тұрғын бұл әрекетін жай ғана қалжың ретінде жасалған "пранк" деп түсіндірді.

Ол машина ішінде су болмағанын және бір рет қана айналғанын айтып ақталды.

"Тексеру барысында мысықты ветеринар дәрігер тексерді. Маманның қорытындысына сәйкес, қазіргі уақытта жануардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", - деді полицияда.

Дегенмен, бұл жағдай бойынша мысық иесі жануарға қатыгездік көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.