Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Екі жыл бойы тікелей эфирде құмар ойын өткізгендер ұсталды

Шымкентте заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.

Екі жыл бойы тікелей эфирде құмар ойын өткізгендер ұсталды
Фото: sputnik.kz

Күдіктілер екі жыл бойы "TauBrat" парақшасы арқылы TikTok және YouTube платформаларында тікелей эфирлерде "Тринька" атты заңсыз құмар ойын өткізген.

"Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген "дроптарды" пайдаланып, ақшаны қолма-қол шығарған. Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігі мен тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған", - дейді агенттікте.

Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.