Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Неліктен барлық зейнеткерге базалық зейнетақы төленбейді

Елде зейнеткерлердің кейбір санатының базалық төлем алу құқығына қатысты дау Конституциялық сотта қаралды, алайда қолданыстағы тәртіпті өзгерту туралы шешім қабылданған жоқ.

Неліктен барлық зейнеткерге базалық зейнетақы төленбейді
Фото: pixabay

 Конституциялық Сотқа азаматтардың мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы бар адамдардың санаттарын белгілейтін Әлеуметтік кодекстің 205-бабы 1) және 2) тармақшаларының Конституцияға сәйкестігін қарау туралы өтініштері келіп түсті. Өтініш берушілер 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алады және дауланып отырған нормаға сәйкес мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алуға құқығы жоқ.

— Өтініш берушілердің пікірінше, зейнеткерлердің бір бөлігін базалық зейнетақы алатындар қатарынан шығару әлеуметтік мемлекеттің негізгі қағидаттарына қайшы келеді. Зейнеткерлердің жекелеген санатын мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінен айыру олардың конституциялық құқықтарын бұзады. Конституциялық Сот Конституцияның 28-бабы 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері, жасына байланысты, ауруына, мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және өзге де заңды негіздер бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдік берілетінін атап өтті, — делінген хабарламада.

Осылайша, Конституция еліміздегі экономикалық жағдайға, адамның өмір сүру ұзақтығының серпініне, халықтың денсаулық жағдайына және ақылға қонымды әрі негізді сипаттағы өзге де өлшемшарттарға байланысты зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшерін қамтамасыз ету шартымен, олардың мөлшерін айқындауды заңнамалық реттеу мүмкіндігін жоққа шығармайды.