Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 желтоқсанда "102" қызметіне марқұмның туысы хабарласып, 18 жастағы қыз таулы аймаққа сноуборд тебуге кеткенін және содан кейін байланысқа шықпағанын айтқан, деп хабарлайды "Қазақпарат".
Ақпарат түсе салысымен ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары, полиция қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ еріктілер дереу жұмылдырылды. Оқиға орнында Алматы қаласы мен Алматы облысының жедел штабы құрылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары кезінде Бутаков сарқырамасы ауданынан әйел адамның мәйіті табылды. Кейін мәйітті теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктіктен Бутаков шатқалындағы бақылау-құтқару бекетіне түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін марқұмның жеке басы түпкілікті анықталады. Іздеу жұмыстарына барлығы 73 адам, 10 техника бірлігі, 5 ұшқышсыз ұшу аппараты және 3 кинологиялық есептоп тартылды.