Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Иран президенті Астанаға қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалардың көшірмесін алып келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Ислам Республикасының президенті Масуд Пезешкиан Иран архивінен табылған қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалар көрмесін тамашалады, деп хабарлады Ақорда.

Иран президенті Астанаға қазақ тарихына қатысты көне қолжазбалардың көшірмесін алып келді
Ақорда

"Президенттер назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағатынан алынған 27 қолжазбаның көшірмесі ұсынылды", - деп жазылған хабарламада.

XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси оқиғаларға қатысты құнды деректерді қамтитын жәдігерлер алғаш рет көрсетіліп отыр.