Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламаға қатысты өзгеріс енгізілді

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарды телефон алаяқтарынан қорғауды күшейту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады, деп хабарлайды paryz.kz.

1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламаға қатысты өзгеріс енгізілді
Фото: gov.kz

Министрліктің мәліметінше, бұған дейін бірқатар мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сервистерге кіру бір реттік код арқылы ғана жүргізілген. Салдарынан алаяқтар айласын асырып, "жәбірленушінің" телефон нөмірін енгізіп, 1414 нөмірі арқылы SMS-хабарлама жіберіп отырған. Осыған байланысты ақпараттық жүйелердің иелеріне 1414 нөмірінен SMS жіберу тетігін қолдану үшін қолжетімділік талаптарын күшейту тапсырылған.

"Енді 1414 SMS-шлюзін пайдаланатын ақпараттық жүйелерге кіру қосымша қорғалады және тек биометриялық аутентификация (FaceID), электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе арнайы QR-код (eGov QR) арқылы ғана мүмкін болады. merci.ru Жарнама Осы жылдың желтоқсан айынан бастап жоғарыда көрсетілген міндетті талаптарды енгізбеген ақпараттық жүйелер 1414 SMS-шлюзін пайдалану қызметінен ажыратылады", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

ЖИЦДМ барлық мемлекеттік органмен бірлесіп, алаяқтыққа қарсы күрес және қазақстандықтардың жеке деректерін қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыратынын еске салды.