Продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов өзіне қатысты жасанды интеллект арқылы жасалған жалған видеоға жауап берді, деп хабарлайды
Желіде тараған даулы бейнежазбада Қыдырәлі Болмановқа ұқсайтын адамның жас қызбен құшақтасып, сүйісіп тұрған сәті көрсетілген. Өнер иесі бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын айтып, “мен емеспін, бәрі өтірік” деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ мұндай фейк контенттің адамдардың беделіне зиян келтіретінін айтып, қоғамды жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.
«Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Тағы не жасайды екен мына “белгісіздер”?.. Асыл әжем мынаны көрсе, ойлaнбастан ақ таяғын алып: “Әй, қарақатың қайда?” – деп, мені тұра қуушы ма еді?.. Бұл шығарманың “жасанды интеллект”, мына видеонының өтірік екенін ол кісіге еш түсіндіре алмас едім… Сол сияқты, айналайын апа-әжелерім, “Мынау не масқара?” – деп қалмаңыздар… Бұл мен емеспін! Құдай сақтасын!
Жасымыз мыңға келгенде өте ыңғайсыздау екен... Әсіресе Алла бере салғандарым көріп қойса?.. Үлкендері түсінер, осы заманның балалары, ал кішкентайларыма ше?..
Қорқыныштысы – “ИИ” барған сайын дами бермек. Мына видеода мен емес екенім көрініп тұр, Құдайға шүкір! Бара-бара айнытпай жасайтын кез келгенде, күніміз не болар екен?.. Бұл әлі бәйшешегі ме деп сескенемін. Инстаграм пайда болғалы парақшасына “подписчик” жинап, қаралымын көбейту үшін ештеңеден тайынбайтын тобыр көбейді. » – деп жазды Қыдырәлі.