Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қызылорда облысында жүздеген дәрігер жалақысын ала алмай келгені анықталды

Қызылорда облысының Арал ауданында жүздеген қызметкер бүгінге дейін жалақысын ала алмай келгені анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қызылорда облысында жүздеген дәрігер жалақысын ала алмай келгені анықталды
Фото: istockphoto.com

Облыстық прокуратураның мәліметінше, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау мақсатында мониторинг жүргізу барысында

«Арал аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ы осы жылдың маусым айына 623 қызметкерге 109 420 181 теңге жалақыға қарыз екендігі анықталды. Нәтижесінде 16.07.2025ж. ауруханаға заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді. «Ұсынудың қаралу қорытындысымен 623 қызметкерге жалақылары толық төленіп, олардың конституциялық құқықтарының қорғалуына қол жеткізілді», – делінген хабарламада.