Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнді қарсы алды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Салтанатты шара кезінде екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Иордания мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.
Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Екі елдің басшысы бірлескен мәлімдеме жасап, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады.