Батыс Қазақстан облысында күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Оған Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бабы, 28-бабы 5-бөлігі, 24-бабы 1-бөлігі, 99-бабы 2-бабы 7-тармағы, 8-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алайда қазылар алқасының үкімімен Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны тағайындау кезінде сот жас балаларының болуын, шын жүректен өкінетіндігін және жәбірленушінің заңсыз әрекеттерін ескеріп, сотталушының жазасы жеңілдетілді", - дейді ведомство.
Сотталушы сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.