Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Джей Ло Қазақстан бюджетіне қанша теңге әкелді – Үкімет жауап берді

Әлем жұлдызы Дженнифер Лопестің Астана мен Алматыда өткен концерттерінен Қазақстанның қазынасына қанша пайда түскені салық декларациясын тапсырғаннан кейін бір-ақ белгілі болады. Бұл туралы Үкімет мүшелері баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Джей Ло Қазақстан бюджетіне қанша теңге әкелді – Үкімет жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

«Мен ұйымдастырушының өзімен сөйлестім, ол концерттен 400 миллион түседі деп өзі жариялаған. Бірақ салық декларациясын тапсыру мерзімі – 25 қараша. Содан кейін 25 күн ішінде төлеуі керек. Жоспар – 400 млн. Ол айтқан сөзінде тұрады. Нақты қандай болатынын ертең көреміз», - деді Жұманғарин Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ал қаржы министрі Мәди Тәкиев әлем жұлдыздарының елімізде мәдени іс-шара өткізуі бізге тиімді екенін атап өтті. 

«Джей Ло жалғыз келмейді ғой, оның концертіне көрші мемлекеттен туристер тартылады. Мысалы Астанада өткен концертке 5 мыңға жуық турист келді. Алматыдағы концертке 7 мыңдай турист келген. Олардың бәрі қонақ үйге, мейрамханаға барады, қаланы аралайды. Біздің есебімізше, бір турист кем дегенде 1 мың доллардан қалдырады. Сол себепті бұл біздің экономикамыз үшін өте жақсы», - деді Тәкиев.

Министр де салық тапсыру мерзімі әлі келмегендіктен, бюджетке нақты қанша кіріс түсетіні әзірге белгісіз екенін айтты.

«Бірақ біз сыртқы бақылау жүргіздік. Яғни қай қонақ үйлердің бағасы көтерілді, қанша сомаға өсті, мейрамханалардың бағасы қандай болды – соның бәрін бақыладық. Енді декларацияны тапсырғанда осы сомаларды салыстырамыз», - деді ведомство басшысы.