10 тамызда халықаралық террористік ұйымның қызметіне қатысты деген күдікке ілінген Қазақстан азаматы Астана қаласына жеткізілді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын.
"Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті от санкциясымен қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстанның Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.