Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тыйым салынған сайттарды жарнамалаған шымкенттік ұсталды

Шымкентте тыйым салынған сайттарды жарнамалаған жазбаларды таратушы ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тыйым салынған сайттарды жарнамалаған шымкенттік ұсталды
Фото: polisia.kz

Қала прокуратурасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Құқықтық тәртіп және тазалық" жобасы аясында қалалық коммуналдық қызметтер – "Тазалық сақшылары" құқық бұзушылықпен күресте белсенді көмек көрсетіп келеді.

Олардың қырағылығының нәтижесінде қала көшелеріне есірткі заттарын сататын интернет-дүкендердің жарнамасын жазып жүрген 28 жастағы Шымкент тұрғыны ұсталды, - деп хабарлады Шымкент қаласы прокуратурасы. 

Тергеу барысында ер адам қаржылай қиындықтарға тап болып, Telegram мессенджері арқылы күмәнді "қосымша табыс" туралы хабарландыруға келіскен.

Белгісіз тапсырыс берушіден нұсқаулар алып, ол түнгі уақытта трафарет пен аэрозольді бояу арқылы тыйым салынған сілтемелерді жазған. Сот үкімімен ол ҚК 299-1-бабының 2-бөлігімен есірткі құралдарын заңсыз жарнамалау қылмысы бойынша 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Егер сіз күдік тудыратын граффити, жарнама немесе басқа да әрекеттерді байқасаңыз – 102 нөміріне хабарлаңыз. Есірткі жарнамасы – бұл жай жазба емес, қылмыс. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!», - деп ескертті прокуратурадан.