Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстанның Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістердің бірі 4 күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі.
Қолданыстағы еңбек кодексі бойынша 2015 жылдан бастап жұмыс берушілерге 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат берілген. 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодекс аясында 4 күндік жұмыс аптасы 5 немесе 6 күндік жұмыс апталарымен ауысып келетін жаңа жұмыс режимі ретінде енгізілді, – деді Шалқар Оразбеков.
Жалақы мәселесіне келсек, заңнамаға сәйкес, қызметкерлердің еңбекақысы орындалған жұмыс көлеміне қарай есептеледі.
Егер жұмыс күндерінің саны қысқарса, сәйкесінше жалақы да пропорционалды түрде азаяды. Жұмыс беруші 4 күндік жұмыс аптасын енгізе отырып, бұрынғы 5 күндік жұмыс режиміндегі жалақыны сақтап қаламын десе, оған заң бойынша ешқандай шектеу жоқ, – деді басқарма басшысы.