Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Ақтөбе облысында әкім өз өзіне қол жұмсамақ болды

Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты ауылдардың бірінің 47 жастағы әкімі өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Paryz.kz Sadaq.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында әкім өз өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: Pixabay

Аталған жағдай 7 шілде күні болған. Оқиғаны Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншалиев хабарлады.

Оның айтуынша, шенеуніктіі әйелі жағдайдың алдын алған.

"Осыдан кейін бірден ауыр халде ауруханаға түсті. Оған не себеп болғанын айта алмаймын. Бұл жеке мәселе", – деді Шүйіншалиев.

Зардап шеккен әкімнің жағдайы тұрақтанған. Мұны денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.