Прямая трансляция

Астана

Астана

22.02°C

Қазақстанда қарасора қайда өсірілетіні анықталды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда техникалық қарасораны өсіру үшін Ішкі істер министрлігіне 4 лицензия берілген, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қазақстанда қарасора қайда өсірілетіні анықталды
Фото: Pixabay

Бұл өндіріспен қазіргі уақытта бір ғана компания айналысуға ниет білдіріп отыр. Қарасора Солтүстік Қазақстан облысындағы Уәлиханов ауданында өсіріледі.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, техникалық қарасорада психобелсенді зат – тетрагидроканнабинол (ТГК) мөлшері өте төмен немесе мүлде болмайды.

Сонымен қатар өнім мемлекеттік органдардың бақылауында болады. Өсіру процесі кезінде ішкі істер органдары тарапынан бақылау жүргізіледі – қарасорадан кездейсоқ тәртіппен сынамалар алынады. Егер заңға қайшы жағдай анықталса, өнім жойылады. Мемлекет тарапынан төрт деңгейлі бақылау қарастырылған, – деді вице-министр Азат Сұлтанов.