Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Ақтөбеде үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

Терезеден құлап кеткен бала қазір ауруханада жатыр. Ата-анасы жауапқа тартылады.

Ақтөбеде үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті
Фото: ТЖМ

Оқиға 5 мамыр күні болды. Үш жасар бала дереу облыстық ауруханаға жеткізілді.

 — Бала жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін ата-анасы жауапқа тартылады. Полиция департаменті ата-аналарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске салады. Терезелерге қорғаныш құрылғыларын орнатып, балаларды қараусыз қалдырмау керек, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Қазір баланың жағдайы тұрақты ауыр.

— Жедел жәрдем бригадасы баланы 5 маусым күні сағат 18:53–те әкелді. Түскен кезде жағдайы ауыр болды. Оны травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог қарады. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Барлық ем жасалды. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, — деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.