Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Оралда ер адамның мәйіті табылды

Орал қаласында гараж отқа оранды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Оралда ер адамның мәйіті табылды
Фото: istockphoto.com

БҚО ТЖД департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні М.Шолохов көшесі 15-мекенжайында сағат 07.48-де болды.

Қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталды. Өртенген орыннан 15 баллон (біреуі газ, біреуі оттегі, қалғаны фреон) шығарылды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, өрт сөндірілгеннен кейін жанып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.