Прямая трансляция

Астана

Астана

30.83°C

ҰҚК Атырау әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді

Маусымның басында "Ақ Жайық" басылымы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Мұқасовтың ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды paryz.kz.

ҰҚК Атырау әкімі орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді
Фото: instagram.com/atyrau_qalasy_akimdigi/

Басылымның бейресми дереккөздерге сілтеме жасап хабарлауынша, тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр.

"Іс материалдарында 40 млн теңге және тағы бір күдікті туралы жазылғаны белгілі болды, - делінген басылымда.

Сондай-ақ онда Мейіржан Мұқасов ұсталғаннан кейін процессуалдық келісімге келуді көздегені, бірақ кейінірек бас тартқаны көрсетілген.

NUR.KZ тілшісінің ресми сауалына берген жауабында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.