Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Мұнайдың әлемдік қоры рекордтық қарқынмен сарқылып жатыр - БАҚ

Әлемдік мұнай қоры АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғыс қимылдары аясында рекордтық жылдамдықпен таусылып жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Мұнайдың әлемдік қоры рекордтық қарқынмен сарқылып жатыр - БАҚ
Фото: sputnik.kz

"Ирандағы жағдайға байланысты Парсы шығанағынан жанармай жеткізуге кедергі себебінен әлемдік мұнай қоры рекордтық жылдамдықпен таусылып жатыр. Осылайша жеткізілімге байланысты күйзелістен қорғайтын буфер таусылды", — делінген басылымда.

Басылым атап өткендей, мұнай қорының тез төмендеуі - бағаның одан әрі күрт өсуі мен тапшылық қаупін арттырады. Таяу Шығыстағы соғыс пен Ормуз бұғазының блокадасы салдарынан әлемдік мұнай нарығына шамамен 1 миллиард баррель мұнай жеткізілмей қалды.

"Тауарлық - материалдық қорлардың күрт сарқылуы қақтығыс аяқталғаннан кейін де болашақ жеткізілімдерге кесірін тигізеді", - деп жазады агенттік.