Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

Пасха қарсаңында Ресей уақытша бітім жариялады

Ресей президенті Владимир Путин православиелік Пасха мерекесіне орай Украинадағы әскери іс-қимылдарға уақытша бітім жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.

Пасха қарсаңында Ресей уақытша бітім жариялады
Фото: ria.ru

Бұл туралы Кремльдің ресми сайты хабарлады.

Қабылданған шешімге сәйкес, бітім 11 сәуір күні сағат 16:00-ден бастап 12 сәуірдің соңына дейін күшінде болады.

Президент қорғаныс министрі мен Қарулы күштердің Бас штабына осы уақыт аралығында барлық бағытта әскери әрекеттерді тоқтатуды тапсырды. 

Сонымен қатар, құжатта әскерилерге қарсы тарап тарапынан болуы мүмкін арандатулар мен агрессивті әрекеттерге дайын болу қажеттігі атап өтілген. Ресей тарапы Украина да бұл бастаманы қолдайды деп күтетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта Украина тарапынан ресми жауап берілген жоқ. Бұған дейін, 31 наурызда Украина Пасха мерекесіне байланысты атысты тоқтатуды ұсынған болатын және бұл ұсынысты АҚШ қолдайды деп үміттенген.