Прямая трансляция

Астана

Астана

15°C

Ауғанстанда су тасқынан 100-ге жуық адам қаза тапты

Ауғанстанда соңғы тоғыз күн ішінде болған су тасқындары 99 адамның өмірін қиды. Тағы 154 адам жарақат алды. Нөсер жаңбыр жалғасып жатыр, синоптиктер жаңа су тасқындары болуы мүмкін екенін ескертуде, деп хабарлайды Paryz.kz.

Ауғанстанда су тасқынан 100-ге жуық адам қаза тапты
Фото: видиодан скриншот

Синьхуа таратқан мәліметке сай, жаңбыр 26 наурызда басталып, ел бойынша су тасқындары мен жер көшкіндерін тудырды.

Табиғи апат бес мың үйді толық немесе жартылай қиратып, 355 шақырым жолды шайып кеткен және 14 мың акрдан астам ауыл шаруашылығы жерлерін су басқан. Барлығы 8532 отбасы зардап шекті. Ең көп зардап шеккен аймақтарға құтқару және гуманитарлық топтар жіберілді. Залалды бағалау жалғасуда, – деді Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқарманың өкілі Юсуф Хаммад.

Метеорологтар нөсер жаңбырдың жалғасатынын болжап, елдің 34 провинциясында су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті.