Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Иран революциясы сақшылар корпусы тарихындағы "ең қуатты шабуыл" бастайтынын мәлімдеді

Ислам революциясы сақшылар корпусы аятолла Әли Хаменеидің қазасына жауап ретінде ел тарихындағы "ең қуатты" шабуылын бастайтынын жариялады, деп хабарлайды paryz.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Иран революциясы сақшылар корпусы тарихындағы "ең қуатты шабуыл" бастайтынын мәлімдеді
Фото: getty images

РБК басылымы Иранның ISNA мемлекеттік ақпарат агенттігінде жарияланған мақаланың аудармасын жариялады. Ислам революциясы сақшылар корпусының баспасөз қызметі жоғарғы көсем Әли Хаменеидің қазасынан кейін Иран өз тарихындағы ең қуатты шабуыл операциясын бастайтынын мәлімдеді.

"Бірер сәттен кейін америкалық террористердің басып алған аумақтары мен базаларына қарсы Иран Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің тарихындағы ең қуатты шабуыл операциясы басталады", - делінген мәлімдемеде.

Иран Қарулы Күштерінің бас штабы да Хаменеидің қазасынан кейін мәлімдеме жасады.

"Біз батыр халқымыздың қолдауымен және күшімен АҚШ-ты өкінуге мәжбүрлейміз және жауға берілмей, соңғы тамшы қанымыз қалғанша дана және құдіретті көсемнің жолын жалғастырамыз", - деп жазады басылым.

Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Иранның жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жария етті. Ол оны "тарихтағы ең зұлым адамдардың бірі" деп атады.