Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Иран көсемі Әли Хаменеи қаза тапты

Иранның мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары елдің жоғарғы көсемі аятолла Али Хаменеидің қаза тапқанын ресми түрде растады. Елде 40 күн бойы аза тұтылады, деп хабарлайды paryz.kz.

Иран көсемі Әли Хаменеи қаза тапты
Фото: ATTA KENARE/AFP via Getty Images

IRNA мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел үкіметі Әли Хаменеидің қайтыс болғанын растады.

"Ислам революциясының Ұлы көсемі, аятолла Хаменеи сионистік режим мен АҚШ-тың 28 ақпан, сенбі күні таңертеңгі шабуылынан мерт болды. Үкімет жоғарғы көсем аятолла Хаменеидің қазасына байланысты 40 күндік ұлттық аза тұту және жеті мемлекеттік демалыс күнін жариялады", - делінген агенттіктің мәлімдемесінде.