Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында Мәскеу қаласы екі елдің туларымен безендірілді, деп хабарлайды paryz.kz.

Тоқаевтың Ресейге сапары қарсаңында Мәскеуде екі елдің тулары ілінді
Фото: ria

Қала орталығынан Ленин даңғылы мен «Октябрьская» метро станциясына дейінгі көшелер бойына Қазақстан мен Ресейдің тулары ілінді, - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қараша күндері Ресейге мемлекеттік сапармен барады. Сапар барысында ол Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөздер өткізеді деп жоспарланған.