Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

«Талибан» қозғалысы ауған университеттерінде әйел жазған кітаптарды оқуға тыйым салды

«Талибан» үкіметі Ауғанстан университеттерінде әйелдер жазған кітаптар бойынша білім беруге тыйым салды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Талибан» қозғалысы ауған университеттерінде әйел жазған кітаптарды оқуға тыйым салды
Фото: armenpress

Арменпресс-тің BBC-ге сілтеме жасап хабарлауынша, жоғары оқу орындарында сондай-ақ адам құқығы және сексуалдық қысым көрсету бойынша сабақ беруге болмайды.

«Химиялық зертханадағы қауіпсіздік» деген атаумен белгілі кітапты қоса алғанда әйел жазған 140 кітап Талибан саясаты мен шәриғатқа қарсы идеялары бар, жалпы алаңдаушылық тудыратын 680 кітаптың тізіміне енгізілген. 

«Талибан» қозғалысының Жоғары көшбасшысы жақында Ауғанстанның кемінде 10 провинциясында талшықты-оптикалық интернетке тыйым салды. Басты себеп - аталмыш жүйелер арқылы әдепсіздік насихатталады. BBC-дің хабарлауынша, бұл тыйымдар адам өмірінің көптеген бағыттарына әсер етті, әсіресе әйелдерге қатты зияны тиіп отыр.

Өйткені Ауғанстанда қыз балаға алтыншы сыныптан соң білім алуға тыйым салынған. Ал акушерлік курсы 2024 жылы жабылып қалған. 

«Талибан» Ауғанстан билігіне төрт жыл бұрын, яғни, 2024 жылы АҚШ қолдап келген Ислам Республикасын тайдырып қайта келді. «Талибан» келген соң АҚШ пен НАТО әскері Ауған жерінен шығарылды.