Ресей мен Украина келіссөздерінің жаңа кезеңі 24-25 шілдеде өтеді, деп хабарлады Paryz.kz.
Тараптар Стамбулда бұған дейін екі кездесу өткізді. Олардың нәтижесінде екі жақ тұтқындармен алмасып, қаза тапқан әскери қызметшілердің денесін берді.
Сондай ақ Мәскеу мен Киев жанжалды реттеу бойынша меморандум жобаларымен алмасқан болатын.
Сенбі күні Владимир Зеленский Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рүстем Умеров Ресейге келесі аптада келіссөз топтарының кезекті кездесуін өткізуді ұсынды деп мәлімдеген болатын.
Мәскеудегі дереккөз РИА Новостиге жаңа кездесуде делегациялар бұрын алмасқан бейбіт келісімнің көрінісі туралы меморандумдар бойынша пікір алмасып, кейбір гуманитарлық мәселелерді талқылайтынын айтты.