АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ-қа келетін импортқа баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
14 елдің тізімінде Қазақстан да бар. АҚШ-қа жеткізілетін тауарларға қатысты республикаға 25% көлемінде баж салығы салынады.
Бұған дейін Қазақстанның сауда министрлігі баж салығын енгізу қазақстандық экспортқа айтарлықтай әсер етпейтінін мәлімдеген.
Ведомстводағылар АҚШ-пен тарифтерді қолданбау туралы келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады.