Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды

Бүгін түнде Түркияда жер сілкінісі тіркеліп, оның дүмпулері Стамбул қаласында анық сезілді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды
Фото: istockphoto.com

Басылымның хабарлауынша, түнгі сғат 01:36 шамасында қаланың батыс бөлігінде бірнеше жер асты дүмпуі байқалған.

Жер сілкінісі тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызғанымен, айтарлықтай дүрбелең болған жоқ. Жер сілкінісі туралы ескерту хабарламалары смартфон қолданушыларына бірден жолданған.

Түркияның Төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы (AFAD) сейсмологтарының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Мәрмәр теңізінде, Стамбулдың Бүйікшекмедже ауданына қарама-қарсы аумақта болған.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,0, ал ошағы 8 шақырым тереңдікте орналасқан.