Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Үндістанның Пәкістанға жасаған соққысынан 70 адам қаза тапты

Үндістан әскери күштерінің Пәкістан аумағына жасаған зымыран соққысынан кемінде 70 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.

Үндістанның Пәкістанға жасаған соққысынан 70 адам қаза тапты
Фото: © AP Photo / M.D. Mugha

Үндістан тарапы 9 нысанға 24 зымыран атқанын мәлімдеді. Нью-

Делидің айтуынша, бұл — Пахалгам ауданында болған терактіге жауап ретінде басталған «Синдур» операциясының бір бөлігі. Қорғаныс министрлігі соққы тек террористік нысандарға бағытталғанын айтады.

Алайда Пәкістан билігі алты елді мекеннің зардап шеккенін мәлімдеп отыр. Исламабадтың дерегінше, қаза тапқандардың арасында кемінде 24 бейбіт тұрғын бар, тағы 50-ге жуық адам жарақат алған.

Сонымен қатар, Үндістан Қашмирдегі су электр станциясын да нысанаға алған деп айыпталуда. Пәкістанның қорғаныс министрі

Хаваджа Асифтің айтуынша, шабуылға жауап ретінде әуедегі бес үнді жойғыш ұшағы атып түсірілген. Екі ел арасындағы жағдай ушығып тұр. Бұл – соңғы жылдардағы ең ірі қақтығыстардың бірі ретінде бағалануда.