Прямая трансляция

Астана

Астана

7°C

Газада аштықтан әлсіреген 65 мың бала ауруханаға түсті

Қазір өңірге сырттан гуманитарлық көмек бұрынғыдай жеткізілмейді. Бұған наурыздың басынан бері Израиль әскері рұқсат бермей отыр.

Газада аштықтан әлсіреген 65 мың бала ауруханаға түсті
Фото: Pixabay

inbusiness.kz сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Газа секторында 65 мыңнан аса бала тойып тамақ ішпегендіктен ауруханаға түскен. Өйткені, ХАМАС мүшелері халықаралық ұйымдардан келген жүкті қара нарықта сатып, түскен ақшаны әскери операцияларына жаратып жатыр, - дейді.

Израиль халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұза отырып, бейбіт тұрғындарға қарсы жүйелі соғыс қаруы ретінде аштық пен шөлді қолдануда, - делінген Газа үкіметінің кеңсе мәлімдемесінде. Алайда палестиналық ұйым мұның өтірік екенін айтады. 

Газадағы гуманитарлық ахуалдың ушығуына байланысты Израиль билігіне халықаралық қысым күшейіп барады. Сондықтан қазір еврей елі сырттан келетін көмекті кіргізуге рұқсат беру мәселесін талқылап жатыр. 2 наурыздан бері Израиль Газа секторының негізгі өткелдерін жауып, азық-түлік, медициналық және гуманитарлық жеткізілімдерді тоқтатып, гуманитарлық жағдайдың бұрын-соңды болмаған нашарлауына әкелді", - деп хабарлайды халықаралық құқық қорғау ұйымдары. 

Израиль армиясы 18 наурызда Газаға шабуылын қайта жалғастырып, 19 қаңтардағы атысты тоқтату және тұтқындар алмасу келісімін бұзды. 2023 жылдың қазан айынан бері Израильдің аяусыз шабуылынан Газада 52 300-ден астам палестиналық қаза тапты, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар.