Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды paryz.kz.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанаудың жаңартылған рейтингінде Шайдоров 3918 ұпай жинап, әлемнің үздік үштігіне енді. Бірінші орынды 4590 ұпай жинаған америкалық Илья Малинин иеленіп тұр.
Екінші сатыда 4123 ұпаймен Жапония өкілі Юма Кагияма орналасты. Михаил Шайдоров үздік үштікті түйіндеді.