Прямая трансляция

Астана

Астана

29.92°C

Жәнібек Әлімханұлы британдық жұлдызбен жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының 2026 жылдың соңына дейін британдық Хамза Ширазбен жекпе-жек өткізуі мүмкін, деп хабарлайды paryz.kz.

Жәнібек Әлімханұлы британдық жұлдызбен жұдырықтасуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желіден

Бұл болжамды X әлеуметтік желісінде танымал бокс сарапшысы Tokkerü жариялады.

– Биыл Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираздың жекпе-жегін көреміз деп ойлаймын, – деп жазды ол.

Бұл пікірді тағы бір танымал бокс шолушысы Хулиус Хулианис те қолдап, Шираз бен Жәнібек арасындағы айқасты көргісі келетінін жеткізді.

Ал Hamed Boxing лақап атымен танымал аналитик ықтимал кездесуде фаворит ретінде қазақстандық боксшыны атады.

– Орта салмақтағы жекпе-жекте мен Жәнібек Әлімханұлын Хамза Шираздан басым санаймын, – деп жазды сарапшы.