Су спорты түрлерінен Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу бәсекесі басталды, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істер комитетінің Спортты дамыту дирекциясы.
Жарыстың алғашқы күнінде техникалық соло сайысынан жүлде сарапқа салынып, нәтижесінде Виктор Друзин топ жарды.
Виктор Друзин - 231.8550 ұпай Алдияр Рамазанов - 229.0583 Пантуракса Васин - 175.3992.
Айта кетейік, Виктор Друзин өткен жылы да сары құрлық додасында топ жарған болатын. Көркем жүзу жарыстары 25 шілдеге дейін жалғасады.