Қазақстандық боксшы қыздар 23 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алды. Алтын медаль үшін Гүлназ Бөрібаева, Анита Әдішева, Ұлжан Сәрсенбек, Азиза Исина және Шұғыла Налыбай айқасады, - деп хабарлайды paryz.kz.
Күндізгі сессияны 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек ашты. Онда қазақстандық Гүлназ Бөрібаева Жапония өкілі Ю Миатамен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Келесі болып шаршы алаңға Анита Әдішева шықты. Ол 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тайбэй спортшысы И-Хуан Гомен жұдырықтасты.