Прямая трансляция

Астана

Астана

26.28°C

Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған paryz.kz.

Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
Фото: ҰОК

66 келіде бақ сынған Ғұсман Қырғызбаев финалда осы салмақтың фавориті, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы жапониялық Хифуми Абэмен белдесіп, 0:1 есебімен жеңілді.

Финалдық бәсекеге дейін Ғұсман 1/16 финалда моңғолиялық Турболд Тумурхудты, 1/8 финалда черногориялық Джусуф Нурковичті, 1/4 финалда әзербайжандық Руслан Пашаевты, ал 1/2 финалда бразилиялық Рональд Лиманы жеңген. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде ерлерден 60, 66 және әйелдерде 48, 52, 57 келіде жүлделер сарапқа салынған.

Ал бүгінгі жарыстың басты ерекшелігі – Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің араға екі жыл салып татамиге қайта оралуы болды. Алайда ол алғашқы ресми жарысын бесінші орынмен аяқтады.