Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Едіге Қасымбек алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі болды

Қырғызстан астанасы Бішкекте еркін күрестен Азия чемпионаты мәресіне жетті.

Едіге Қасымбек алғаш рет ересектер арасындағы Азия чемпионатында жүлделі болды
Фото: sports.kz

Қазақстан командасы сапынан бозкілемге шыққан аса ауыр салмақтағы (125 кг) отандасымыз Едіге Қасымбек тәжірибелі қытай палуаны, Азия ойындары мен чемпионатының қола жүлдегерінен басым түсті.

Есеп: 8-7. Бұл - 19 жастағы Едігенің ересектер арасында құрлық додасындағы қол жеткізген алғашқы медалі. Ол - былтырғы жастар арасындағы әлем чемпионатының (U20) жеңімпазы.